Кеше ғана қаламызда өткен халықаралық Ертіс маңы Сабантой мерекесі қала тұрғындары мен қонақтарын біріктірді. Аталған іс-шарадан барлығы жағымды әсер алғанымыз анық. Дегенмен, өкінішке орай, іс-шарадан кейін Бейбітшілік аралындағы тазалық жағдайы жағымсыз әсер қалдырды...
Құрметті семейліктер, Бейбітшілік аралын таза ұстап, тартымдылығын арттыру біздің мүддемізде және бұл біздің қолымыздан келеді! Біз бірге той тойлап, үлкен іс-шаралар ұйымдастыра аламыз, ал неге аралымызды тазарту үшін бірге барлығымыз жиналмаймыз? Бұл мәселені жалғыз ешкім шеше алмайды. Сондықтан аталған мәселені шешудің жалғыз жолы – оны біргігіп жасау. Сондықтан, осы сенбі, 17 қыркүйекте Достық Үйі, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі ЭКО-десантқа шығады.
Бұл біздің қала және біз оған жауаптымыз! Семей тұрғындары экологиялық акцияны қолдайтынына сенімдіміз! Жаңа облыс таза қаладан басталады, таза қала өзімізден басталады!
Фото: yvision.kz