USD474.83EUR515.38RUB5.5

18 қыркүйек күні Семей қаласында 8.00-де Абай марафоны басталады

14 қыркүйек 2022, 15:31
Марафон Абай алаңынан басталып, Абай көшесі, аспалы көпір, сол жағалау айналма жолы, Тәңірбергенов көшесі, көлік көпірі, Шмидта көшесі арқылы өтеді. Марафон кезінде аталған көшелер жабылады.
18 қыркүйек күні Семей қаласында 8.00-де Абай марафоны басталады

Көлік иелеріне өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауын өтінеміз.

Әуезов даңғылы және Бозтаев көшесінен сол жағалау айналымына дейінгі жол да жабылады. Аталған көше тұрғындары Селевин, содан соң Рыков немесе Автодорожная көшесі арқылы Рысқұлов көшесіне шығу қажет болады.

Одан әрі Спартак немесе Кәрменов көшелерімен Глинки, Докучаева және Би Боранбай көшелері арқылы шығып, аспалы көпірмен жүре алады. Одан әрі Абай көшесінен басқа көшелердің бәрі ашық болады.

Абай көшесін Найманбаев немесе Дулатов көшелері арқылы айналып жүру қажет. Марафон кезінде аспалы көпір арқылы оң жағалаудан сол жағалауға баратын көліктердің жүрісі тоқтатылады.

Уақытша қолайсыздақтар үшін кешірім сұраймыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar