USD514.65EUR544.6RUB5.17

Инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды

14 қыркүйек 2022, 15:13
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ресейлік «Полиметалл» компаниялар тобының директоры Виталий Несиспен кездесті. Кездесу барысында инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.
Инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды

Бұл орайда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірде жұмыс істеуші ірі компанияның инфрақұрылдымды дамытуға, әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне атсалысуы, екі жақты серіктестіктің мызғымас тірегі  болатынын атап өтті.

«Полиметалл» компаниялар тобы Қазақстан нарығына алғаш 2009 жылы енген. 2014 –ші жылы құрамына «Бақыршық» және «Большевик» кен орындары енетін «Қызыл» жобасын іске асыра бастады. «Бақыршық» кен орынындағы қазба байлықтың қоры 280 тонна.

«Көлік-логистикалық серіктестік саласында Абай облысын Ресей Федарациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көпір деп атауға әбден болады. Бұл орайда Аягөз-Тачэн бағытындағы темір жолының құрылысы зор мүмкіндікке ие», - деп атап өтті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar