USD474.83EUR515.38RUB5.5

Мемлекеттік сатып алу ережелерінде не өзгерді

12 қыркүйек 2022, 14:41
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды "Ертіс өңірі" Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алу ережелерінде не өзгерді

19 тамыздан бастап конкурстық комиссияның құрамы бойынша мәліметтерге қатысты толықтырулар қолданыла бастайды. Енді бұл деректер мемлекеттік сатып алу рәсімдері толық аяқталғанға дейін жасырылатын болады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында жасалды.

Бұдан басқа, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта жобалаушының/орындаушының құрылыс жобасын пайдалануға құқықтарды, оның ішінде мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы үлгілік шартқа қол қою міндеті белгіленген.

Осылайша, Тапсырыс беруші мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын тарату және қайта пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar