Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, онлайн форматта өткен «Қытай-Еуразия» VII ЭКСПО көрмесі барысында екі өңірді бауырлас атандырған хаттамаға қол қойылды.
«Жаңадан құрылған Абай облысы ҚХР-мен шекаралас жатыр. Біз Қытаймен аймақаралық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделіміз. Ол үшін аймағымызда өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін барлық алғышарттар бар», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Көрші тарап Қазақстанның Қытай мен Ресей арасындағы көпір екендігін атап өтті.
«Аягөз-Тачэн бағыты бойынша теміржол құрылысы жобасының болашағы зор. Кейбір әкімшілік рәсімдерді жеңілдету үшін «Бақты» шекара бекетінде жеделдетілген тексеру режимі енгізілді. Жеке көліктердің қытай тілінде шекарадан өту алгоритмдері әзірленген», - делінген хабарламада.