"Биылғы Жолдауда Президент балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтардың еңбекақысын көбейтіп, жүктемесін азайтуды тапсырды. Бүгінгі таңда балабақшаларда жұмыс істейтін тәрбиешілердің жалақысы мектептерде және басқа мекемелерде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысынан әлдеқайда төмен. Осыған байланысты жалақыны арттыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады", — деді Шолпан Каринова министрлікте өткен аппараттық кеңесте.
Ведомствоның бірінші вице-министрінің мәліметінше, Президенттің тапсырмасы аясында балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіледі.
"Сонымен қатар, тәрбиешілердің жалақысы өседі. Халықаралық тәжірибеге сәйкес тәрбиешілерге жүктеме айтарлықтай төмендейді. Сондай — ақ, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады", - деп атап өтті Ш.Каринова.
ФОТО: kazakh24.info