USD484.37EUR531.06RUB5.05

Татар мектебі ғимараты салтанатты түрде ашылды

12 қыркүйек 2022, 10:53
Абай облысының орталығы - Семейде Ертіс маңы Сабантой жаңа татар мектебі ғимаратының салтанатты ашылуы рәсімінен басталды
Татар мектебі ғимараты салтанатты түрде ашылды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев және Татарстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин Ертіс жағалауында орналасқан татар халқының көрнекті ақыны, Ғабдолла Тоқайдың бюстіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар ұлы ақын, Абай Құнанбайұлының ескерткішіне тағзым жасалды.

Бауырлас елден келген меймандар мен облыс басшылығы мерекенің негізгі бөлігі өтетін «Бейбітшілік» аралына барды. Мұнда қос тарап Татарстан Республкасының Ақтаныш ауданы ұсынған шаруа мекенін тамашалады. Сол жерде ұлттық бұйымдар қойылған әсем үй, диірмен, монша, үй жасалған.

Мереке жиналған жұртшылық алып самауырыннан шәй ішіп, татар халқының ұлттық тағамдарынан дәм татты. Шара барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Татарстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин шырша көшеттерін отырғызды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar