
Ынтымақ-бірлігі жарасқан, көпұлтты тарихи мекен, Ұлылар туған қасиетті топырақ – Абай еліне қош келдіңіз!
Татар халқында «Құс қанатымен, кісі достығымен күшті» – деген аталы сөз бар. Бүгінгі салтанат – тамыры, түркіден тарап, ежелден, іргесі сөгілмей келе жатқан, екі ел ынтымағының жарқын көрінісі.
Бауырлас елдер басшылығының кемел саясатының арқасында, біздің достық қарым-қатынасымыз нығайып, дамудың жаңа белесіне көтерілді. Олай болса, бақытын, еңбектен тапқан – татар халқы мен Ұлы даланы мекен еткен Қазақ елінің береке-бірлігі, уақыт өткен сайын, артып, жасампаз еңбекпен, ұлы мұраттарға жетелей берсін!