
Екі елдің экономикалық мүмкіндігін ескере отырып, тараптар мәдени ғана емес, экономикалық серіктестікке қолайлы жағдай жасау жөнінде әңгімелесті.
Нұрлан Ұранхаев – Абай облысының әкімі
- Көп жылдан бергі дәстүр бойынша Семейде Сабантой өткізіліп келеді. Бұның жаңа Абай облысындағы алғашқы мереке болып отырғаны маңызды. Біздің достық, бауырластық қарым-қатынасымыз экономикалық серіктестікке ұласады деп үміттенемін. Бізді Қазан қаласын абаттандыру тәжірибесі қызықтырады. Бұл бағытта да жұмыс істейтін боламыз, деп сенемін.
Фарид Мухаметшин - Татарстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы
- Екі елдің өзара түсіністік пен татулықта өмір сүріп жатқаны, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазанға жасаған сапары барысында жасаған келісімдерді нығайта түсу біз үшін өте маңызды.