USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысының оңтүстігінде өрт қауіпі сақталуда

08 қыркүйек 2022, 15:32
Өңірдегі Бесқарағай, Абай, Үржар,Жарма және Курчатов қаласының маңында құрғақ шөп тұтанған. Көп жерде қызыл жалын облыстың ТЖД, Қорғаныс министерлігі қызметкерлері күшімен, шекара қызметі, жеркілікті атқару органдарының күшімен сөндірілді.
Абай облысының оңтүстігінде өрт қауіпі сақталуда

Қазіргі сәтте Үржар және Аягөз ауданында тілсіз жауға тосқауыл қойылып жатыр.

Кей аймақтардағы ерекше ыстыққа байланысты, орман өртенгенін естеріңізге саламыз. Абай ауданындағы жекелеген өрт ошақтары желдің қуатымен ұлғайып кеткен. Бұл өз кезегінде өрт сөндіру қызметінің жұмысын ауырлатып отыр.

Сонымен қатар, 6-шы қыркүйек күні өрт қауіпіне байланысты Абай облысы мен Семей қаласының тұрғындарына «Семей орманы» табиғи орман резерватына баруға тиым салынған болатын. Облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және орман алқабына шықпауға шақырамыз.

Өртке қарсы қызметтің барлық қызметкерлеріне, осы күндері өртпен күресуге көмектескен барлық қамқор азаматтарға алғыс білдіреміз.

Абай облысының қай аудандарында дала өрттері жалғасуда

2022 жылғы 8 қыркүйек: 21

Абай облысының қай аудандарында дала өрттері жалғасуда

8.09.2022 жылдың 09.30 мин.жағдай бойынша Абай облысында Үржар, Абай, Жарма, Бесқарағай, Ақсуат аудандарында және Семей қаласында дала өрттері тіркелді. Дала өрті Үржар ауданында жалғасуда.

Үржар ауданы

06.09 08-00 мин.Қарабұлақ ауылынан 18 км. "Шаған-тоғай" учаскесінде құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіру кірме жолдардың болмауымен және таулы жердің күрделі рельефімен күрделенген. Қатты жел мен қатты ыстықтың салдарынан өрт алдын ала 5000 гектардан астам аумаққа жайылды, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жоюға 324 адам және 20 техникалық бірлік жұмылдырылған, оның ішінде:

ТЖД (55 адам, 6 тех.);

ЖАО (151 адам, 5 тех.);

ҰҚК ШҚ (98 адам, 5 тех.)

ӨКМ (20 адам 4 бірл. тех.)

Жж-68303 (50 адам, 5 тех. бірл.)

Қосымша: 08.09 сағат 00-23 минутта өрт орнына құрамында 4 адам бар КШМ Павлодар қаласынан Семей қаласына одан әрі Үржар ауданына жол жүру үшін шықты.

Абай ауданы

06.09. 15-23 мин. Абай ауданы, Тоқтамыс а/о, "Таутан бұлақ" учаскесі 950 га алаңда дала өрті болды.

Сөндіру кірме жолдардың болмауымен және күрделі таулы рельефпен, сондай-ақ қатты желмен күрделенген.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Жоюға қатысқандар: 188 адам және 30 бірлік тех., оның ішінде:

ТЖД (27 адам, 3 тех.);

ЖАО (136 адам, 23 тех.);

ӨКМ (25 адам 4 бірл. тех.);

09-30 мин. - тарату

Жарма ауданы

07.09. Бірлік а/о 10-49 мин. Маршан учаскесі (Қалбатау ауылынан 40 км) 50 га алаңда дала өрті болды.

Өрт сөндіру ауа-райының қолайсыздығымен, қатты желмен күрделенген. Желдің қатты екпіні салдарынан өрт "мақсат" ш/қ аумағына таралып, сарай мен жиналған шөп орамдары (70 орама - 17,5 тонна), 1 МТЗ-80 тракторы және 1 т-25 тракторы өртенді.

07.09 12-35 мин. қатты түтіндеу нәтижесінде Омбы-Майқапшағай республикалық қозғалысының автомобиль жолында қоғамдық көлік және жүк автокөлігі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. 07.09 15-30 мин. бло автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды. Жоюға қатысқандар: 111 адам, 18 бірлік тех., оның ішінде:

ТЖД (20 адам, 5 тех.);

ЖАО (25 адам, 8 тех.);

ӨКМ (26 адам 5 тех. бірл.)

Жергілікті халық (40 адам);

17 – 33 мин. - оқшаулау.

21 – 48 мин. - тарату.

Жарма ауданы

07.09 13-44 мин. Божугур а/о, Биринши ауыл учаскесі 500 га алаңда дала өрті болды, жоюға қатысқандар: 14 адам, 6 бірлік тех., оның ішінде:

ТЖД (4 адам, 1 бірлік тех.);

ЖАО (10 адам, 5 тех. бірл.);

Анықтама: дала өртін сөндіру кезінде отпен 2 бірлік техника жойылды, 3 адам ауруханаға жатқызылды.

02 – 00 мин. - оқшаулау.

05 – 40 мин. - тарату.

Бесқарағай ауданы

07.09. 17-08 мин. Бесқарағай ауылы, Долон орманшылығы, 46 квартал, 4,6 га алаңда орман өрті орын алды, жоюға қатысқандар: 21 адам, 8 бірлік техника, оның ішінде:

ТЖД (5 адам, 1 бірлік тех.);

"Семей Орманы МОТР" ММ (16 адам, 7 бірл. тех.);

19 – 27 мин. - оқшаулау (караулдау жүргізіледі).

Семей қаласы

07.09. Жиенәлі а/о 16-30 мин. аралығында 244 га алаңда дала өрті орын алды, жоюға 21 адам, оның ішінде 7 бірлік техника жұмылдырылды:

ТЖД (13 адам, 4 бірл. тех.);

ЖАО (8 адам, 3 тех. бірл.);

06 – 52 мин. - оқшаулау.

08 – 07 мин. - тарату.

Ақсуат ауданы

07.09. Кіндікті а/о 11-20 мин. "Көктұмар" учаскесі 60 га алаңда дала өрті орын алды, сондай - ақ "Өтебай" учаскесінде 320 орам шөп өртенді (100 орам 2021 ж., 220 орам 2022 ж. - 80 тонна).

Жоюға қатысқандар: 20 адам және 6 бірлік тех., оның ішінде:

ТЖД (7 адам, 2 бірл. тех.);

ЖАО (13 адам, 4 бірл. тех.);

Өрт 05-55 минутта жойылды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar