ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі.
Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі "жалақысы төмен" қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер сондай-ақ разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.
Осы тапсырманы орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары динамикалық тәсілдемеге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ЕТЖ айқындау әдістемесін әзірлеуге кірісті.
Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады және тиісті қаржы жылына жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" ҚР Заңымен белгіленеді.