
2-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушылары дереу өрт орнына шықты, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Пәтерде жеке заттар өртенді. Өрт аумағы 2 шаршы метрді құрады. Өрт кезінде пәтерде төрт бала болған.
Бақытымызға орай, көршісі кәмелетке толмағандарға көмекке келді. 1986 жылы туған ер адам балкондағы өрт сатысымен пәтерге кіріп, эвакуациялық люк арқылы балаларды 8-ші қабатқа түсірді.
Балалар Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, онда олар толық тексеріледі.
Өрттің шығу себептері анықталуда.