USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде өрт қаупіне байланысты орманға бару шектелді

06 қыркүйек 2022, 15:10
Абай облысы мен Семей тұрғындарына "Семей орманы" табиғи резерватына баруға тыйым салынды.
Семейде өрт қаупіне байланысты орманға бару шектелді

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік орман қоры аумағында ауа температурасының +38°с-қа дейін аномалды көтерілуіне байланысты өте жоғары өрт қаупі сақталуда. Осыған байланысты орманға кіруге және ормандағы кез - келген қызметке тыйым салынады", - делінген резерваттың орман шаруашылығы хабарламасында.

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері жергілікті тұрғындардан орманды дала мен дала учаскелерінде абай болуды сұрайды.

"Отты абайсыз қолдану, ұшқын сөндіргіштерсіз автотракторлық техниканы қолдану, тасталған темекі тұқылы немесе жанып жатқан сіріңке, тұрмыстық қоқыс құрғақ шөп өсімдіктерінің, орман қылқанды жамылғысының жануына және тоқтату қиын орман өртіне көшуіне себеп болуы мүмкін. Табиғатты қорғаңыз! Орман мен оның тұрғындарын қорғаңыз!" - дейді құтқарушылар.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar