Кездесу барысында Абай облысы аумағында қайтыс болған жапондық интерн-тұтқындар жерленген аумақтарда зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралды.
Аймақ басшысы екі ел арасындағы әлеуметтік, білім, денсаулық және Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен халықты оңалту саласындағы ұзақ және жемісті ынтымақтастықты ерекше атап өтіп, өзара тиімді қарым-қатынастардың жалғасатынына сенім білдірді.
Жапония мемлекетінің делегациясы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.