
Партияның бастамасы бойынша 4 қыркүйек күні сағат 9.00-ден бастап барлық өңірлерде гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ұйымдастырылды.
Абай облысында қабылдау пункті Семей қаласы, Шәйжүнісов көшесі, 138 үй мекен-жайында орналасқан.
Байланыс телефондары 8 (7222) 52-29-66, 8 701 488 93 86 (Қаканов Қайрат Қаканович).
Зардап шеккендерде азық-түлік, медициналық препараттар, төсек-орын жабдықтары, қоныстарын қалпына келтіру, киім-кешекпен қамту мәселесінде қажеттілік туындайды.
Жақынына жәрдем көрсетіп, қайыр-берекесімен танылған Абай елі, өзіне тән жомарттығымен, қиындыққа душар болған отандастарымыздың рухын көтеріп, моральдық және материалдық көмек қолын созады деп сенеміз!
Абай облысы – Қостанаймен бірге!