USD474.83EUR515.38RUB5.5

Төтенше оқиғасыз Шоқыну Мерекесі

15 қаңтар 2020, 09:47
Семей қаласы ТЖБ «Крещение Господне» православ мейрамында қала тұрғындарына медициналық қызметкерлер және құтқару қызметі бар арнаулы орындарда суға түсуді және суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Төтенше оқиғасыз Шоқыну Мерекесі

Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері « Шоқыну» мерекесі кезінде азаматтардың қауіпсіздігін төмендегі аталған жерлерде қамтамасыз етеді:

Жергілікті атқарушы органдармен бірге алдын-ала азаматтардың суға түсуіне қауіпсіз орындар анықталды.Олар: қаланың Затон ауданы бөлігіндегі Ертіс өзені(Дамба Затон) және Қасиетті Кілт.

Суға түсу орнында тәулік бойы құтқарушы-водолаздардың, медициналық қызметкерлердің және жергілікті полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. .

2018 ж. 18 қаңтарынан бастап 19 қаңтарына дейін Семей қ. ТЖБ, ВРАОСО жетінші бөлімшесі, жергілікті полиция және медициналық көмек бригадасы кезекшіліктің күшейтілген түріне көшеді.

Төтенше және қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Жедел-құтқару отрядының тәжірибелі водолаздары суға түсетіндерге қатаң бақылау жүргізеді.Суға түсер алдында әр қатысушы алдын-ала нұсқаулықтан өтеді және де азаматтарға келесі қарапайым ережелерді сақтаған жөн:

-мұз үстіне шыққанда оның үстінде бір мезгілде топтасып тұрмау керек;

-«иордани» немесе «купели»аумағында топтасып тұруға болмайды;

-жағадан 25-30м ары мұз үстіне шықпау;

-мұз үстіне автокөлікпен шықпау;

-балаларды қараусыз қалдырмау, олардың ашық ауада болуын шектеу;

-жаппай су жиналып жататын «иордани» аумағында ағаш стеллаждары төселген жерде болу керек;

-құлаған жағдайда немесе жарақат алған жағдайда мұз астына түсіп кетпеу үшін ағаш арқан жолдар, түбі бар тормен тартылған металл корзиналары бар жерлерде суға түсу қажет;

-судың ішіне арнаулы баспралдақпен түсу;

— «Купели» аумағынан бөлек ашық мұз саңылауларында суға түсуге тыйым салынады!

Мұз үстінде мас күйде болу өте қауіпті: Чрезвычайно опасно находится на льду в нетрезвом состоянии:үсік алуыңыз мүмкін және қатты суықтан өліп

кетуіңіз мүмкін. Өзіңізді жайсыз сезінсеңіз суға түспегеніңіз жөн-бұл сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін.

ШҚО ТЖД Семей қ.ТЖБ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar