USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қазақстанда зейнетақы төлемдері арттырылады

02 қыркүйек 2022, 16:39
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды.
Қазақстанда зейнетақы төлемдері арттырылады

ҚР Еңбек министрлігі оларды іске асыру мақсатында базалық зейнетақы мөлшерін арттыру және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табысты ұлғайту көзделетінін айтты. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда жүргізілген өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанда базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемін (қызметкердің зейнетақы жинақтары есебінен қалыптастырылады) қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты.

Ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқаратыны белгілі, өйткені оларды тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін әзірленген еңбек өтілі ескеріледі.

Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру және азаматтарды зейнетақының барабар мөлшерімен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде мынадай өзгерістер енгізу жоспарлануда:

Бірінші. 2023 – 2027 жылдар аралығындағы кезеңде ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 54-тен 70%-ға дейін, ең жоғары мөлшерін 100-ден 120%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін арттырылатын болады. Бұл ретте базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрайды және барлық 2 млн зейнеткерге қатысты болады.

Екінші. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыларды есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделеді.

Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%–ға (3 жыл ішінде - 109-дан 138 мың теңгеге дейін) арттыруға және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу бойынша міндеттемелер қабылдайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar