USD479.38EUR531.63RUB5.27

Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ы кәмелетке толмаған қазақстандықтардың шоттарына аударылатын болады

01 қыркүйек 2022, 17:10
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ы кәмелетке толмаған қазақстандықтардың шоттарына аударылатынын мәлімдеді.
Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ы кәмелетке толмаған қазақстандықтардың шоттарына аударылатын болады

Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуға тиіс. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында "Ұлттық қор – балаларға" қағидатты түрде жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынамын.

Мемлекет басшысы кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалатынын атап өтті.

-Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді. Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүдделеріне қызмет ететін болады. Осы ауқымды бастаманы тыңғылықты пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

10 қыркүйек 2024, 16:42
10 қыркүйек 2024, 13:52
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar