USD474.83EUR515.38RUB5.5

Бұл марапат бүкіл әзербайжан халқына деген құрметтің белгісі деп білемін - Ильхам Әлиев

25 тамыз 2022, 15:39
– Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл марапат бүкіл әзербайжан халқына деген құрметтің белгісі деп білемін - Ильхам Әлиев

«Құрметті Ильхам Гейдар оғлу, бүгін мен сіздің еліңізге ресми сапармен келіп отырмын. Біздің шағын құрамдағы келіссөзіміз өте нәтижелі болды. Менің сапарымның бағдарламасында сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары «Алтын Қыран» орденімен марапаттау рәсімі де қарастырылған.

Қазақстанда сізді көрнекті мемлекет қайраткері ретінде біледі, құрметтейді. Бүкіл әлемге танымал тұлға ретінде сыйлайды. Әзербайжанды тарихи жеңіске жеткізген, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес, территориялық тұтастығын қалпына келтірген әкелген адам ретінде мен бүгін біздің жеке кездесуімізде сізді құттықтадым.

Сіз мемлекеттеріміздің көпжақты, көпқырлы ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосып келесіз. Барша қазақ халқының атынан құрмет белгісі ретінде бүгін сізге «Алтын Қыран» орденін табыс еткім келеді», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев бұл марапатты бүкіл әзербайжан халқына деген құрметтің белгісі деп қабылдайтынын жеткізді.

«Біз үшін бауырлас ел Қазақстанның ең жоғары орденімен мені марапаттауды қажет деп санағаныңызды мақтан тұтамын. Мен өз тарапымнан алдағы уақытта да достық және бауырластық қарым-қатынасымызды дамытуға үлес қосу үшін барлығын жасаймын.

Біздің халықтарымызды тарихымыз, ортақ тамырымыз байланыстырады. Бүгінгі таңда егемендік жолымен сенімді қадам басып келе жатқан екі тәуелсіз мемлекет – Қазақстан мен Әзербайжан экономикалық дамудың және әлеуметтік мәселелерді шешудің жоғары қарқынын көрсетіп келеді. Әлемдік аренада біздің елдеріміздің беделі артып келеді.

Мен бұл марапатты бүкіл әзербайжан халқына деген құрметтің белгісі деп білемін. Сіздің қолыңыздан осы марапатты алу мен үшін зор абырой.

Сіз жүзеге асырып жатқан реформалар курсын толық қолдайтынымды тағы бір рет айтқым келеді. Сіз жүргізіп отырған саясат Қазақстан халқының ұлттық мүддесіне толық жауап береді. Алға қойған мақсаттарыңыздың бәрі орындалатынына сенімдімін», - деді Президент Ильхам Әлиев.

Фото: akorda.kz

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar