Пікір қалдырғандардың көпшілігі ұстаздардың зейнет жасына қатысты мәселенің қабылданған жаңа заңда қаралмай қалғанын жеткізген.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде аталған заңнаманы түсіндіруге арналған брифинг барысында білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.
Вице-министр заң жобасы әзірленгенде бұл мәселені депутаттардың көтергенін атап өтіп, "біз орында тұрмаймыз, осы заңды іске асырып алайық" деген жауап қайтарды.
Аталған заңның жобасы өте қызу талқыланды. Депутаттар да бұл сұрақты талай көтерді. Заңның жобасы әзірленіп жатқанда, түрлі педагог қауымдастығынан 18 мың ұсыныс түсті. Қайталанатын ұсыныстар да болды. Бюджетке аса салмақ түсіретін шығындарға қатысты да болды. Оның ішінде зейнетке ерте шығу, еткен еңбегіне қарай ерте шығару туралы да айтылды. Бұған дейін айтқанымдай, мұндай заң алғаш рет қабылданып отыр. Бізде ештеңе бір орында тұрмайды. 2024 жылға дейін білім жүйесінде жалақыны көтеру үшін 5,4 млн теңге бөлінеді. Мен қаржыгер ретінде айтқым келетіні, бүгінде білім саласында елімізде орташа есеппен 2 трлн теңге жұмсалады.
Білім жүйесінің бюджеті қаншалықты көтерілгенін көріп тұрмыз. Сондай-ақ, Үкімет тарапынан білім туралы мемлекеттік бағдарламасына қосымша қолдау болады. Сондықтан қосымша әлеуметтік кепілдік мәселелері түрлі жүйедегі факторларға байланысты. Айтып тұрғанымдай, бір орында тұрмаймыз, бүгін осы заңды қабылдадық, соны іске асырып алайық. Сосын алдымызға қойылатын тапсырмаларды, мемлекет басшысы қоятын тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындаймыз, - деді БибігүлАсылова.
Айтакетсек, өткен жылдың соңында ҚР «Педагог мәртебесі» туралы заңы күшіне енді.