Биылғы жылы Конституция күні сейсенбіге келіп, демалыс күні болып табылады.
Сонымен қатар, Үкіметтің "2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" қаулысына сәйкес демалыс күні 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстырылады.
Тиісінше, қазақстандықтар былай демалатын болады:
бес күндік жұмыс аптасында - демалыс күнін үш күн қатарынан ауыстыруды ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
алты күндік жұмыс аптасында - екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).
Фото: Zakon.kz