Атап айтқанда, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге (Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін);
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 21 907 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері - 53 076 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 40 567 теңге болып белгіленсін.
Бұдан басқа, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 10,5%-ға арттыру жоспарлануда.
ӘМСҚ-ға төленуге жататын МӘМС-ға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8% - ын құрайды.
Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының мөлшері 3 739 теңгені құрайды.
Заң жобасы 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.
ФОТО: Zakon.kz