USD514.65EUR544.6RUB5.17

Дифференциалды тариф 20 қаңтардан бастап енгізіледі

14 қаңтар 2020, 12:07
Семей қаласының қоғамдық көліктерінде дифференциалды тариф 20 қаңтардан бастап енгізіледі.
Дифференциалды тариф 20 қаңтардан бастап енгізіледі

Семей қаласының қоғамдық көліктеріне сараланған тариф енгізу туралы қаулы 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл туралы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов Шығыс Қазақстан облысының "Өңірлік коммуникациялар қызметінде" Семейге арналған брифингте айтты.

«Қолма-қол ақшамен төлеу құны 140 теңгені құрайтын болады, егер төлем көлік картасымен немесе мобильді қосымшаның көмегімен жүргізілсе, онда құны бұрынғыдай 80 теңгені құрайды», - деді Серікқали Жұманов.

- Егер валидатор жұмыс істемесе, онда карточкасы бар жолаушы жол ақысын төлемеуге құқылы, өйткені бұл тасымалдаушылардың кітәсі.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінде қаламызда көлік карталарын сатудың 4 пункті жұмысын атқарып тұр.

- 343 квартал ауданындағы «Мереке» сауда үйі;

- Жаңа құрылыс ауданындағы «Жаңа Семей» сауда үйі;

- «Тамаша» СҮ,  Шоқан Уәлиханов көшесі;

- Юность ауданындағы «Еркежан» сауда үйі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar