USD474.83EUR515.38RUB5.5

Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі

14 қаңтар 2020, 10:20
Семейде су тасқыны қаупі туындады, бірақ төтенше жағдай режимі жоқ. Бұл туралы брифингте қала әкімі Ермак Сәлімов мәлімдеді.
Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі

Бүгінгі күнде су деңгейі 478 см. құрайды, ал Семей үшін критикалық деңгей - 450 см. болып табылады.

Алайда мамандар бұл төтенше жағдай емес екендігін сендіреді.

-12 қантарда таңертеңгі сағат 8:00 кешкі 20:00 дейін су сағатына 5,3 см. көтерілген. Әр сағат сайын су осы деңгейге көтерілді. 13 қаңтарда таңғы сағат 8:00 кешкі 20:00 дейін су сағатына 1,6 см. көтерілді. Бүгін таңғы 8:00 бастап су сағатына 1 см. көтеріліп келеді. Яғни су азайып барады - деді қала басшысы.

Сарапшылар түсіндіргендей, су деңгейінің көтерілуіне төменгі мұздың жиналуы себеп болды. Бұл өзеннің түбінде мұздың жиналуына, ағынның қозғалысына кедергі келтіріп, су деңгейінің көтерілуіне әкелетін табиғи құбылыс. Сонымен қатар, ол мұз астында болғандықтан, мамандар оның орналасқан жерін бақылай алмайды.

Алайда сарапшылар бұл процеске араласып, жарылыс жұмыстарын жүргізуге қарсы шығады.

- Мұз астында қалып, су ағысының еркін өтуіне мүмкіндік бермей жатыр. Сонымен қатар, астындағы мұз қай аймақта тұрғаны бізге көрінбейді. Су өздігінен ағып кетпейінше, ол да  кетпейді. Мұнда біздің араласпауымыз қажет, - дейді Ертіс бассейндік инспекциясының маманы Валентина Песчанникова.

Су басуының ықтимал учаскелері - Пристань, Бейбітшілік аралы, Восточный және Мирный кенттері. Осы аймақтарда қазіргі таңда 760 адам тұрады. 

- Еш қауіп жоқ, бірақ біз кез-келген жағдайға дайынбыз. Тұрғындарға ықтимал қауіптер туралы ескертілген. Оларды, жағдай туындаса, қайда орналастыратынымызды білеміз. Автобустар бөлінеді. Тұрғындарды «Семей» және «Турист» қонақ үйлеріне орналастыратын боламыз, келісімдер бар, - деді Ермак Сәлімов.

Қазіргі уақытта азаматтық қорғаныс күштері жоғары дайындықта жұмыс істеп жатыр және нысандарда тәулік бойы кезекшілік етеді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен, мамандар Ертіс жағдайын зерделеп, одан арғы әрекеттер туралы шешім қабылдау үшін өзеннің бойын тікұшақтан қарап шығады.

Семей қаласының ақпарат орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar