
Естеріңізге сала кетейік:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығымен Абай облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы қызметіне ұлттық қауіпсіздік генерал – майоры БАҚЫТЖАН СЫРЫМҰЛЫ ВАЛЕНИЯЗОВ тағайындалды.
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен агенттіктің Абай облысы бойынша департаменті Басшысы қызметіне ӘДІЛХАН БӘДІЛХАНҰЛЫ САБУРОВ тағайындалды.
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облысының полиция Департаментінің бастығы қызметіне, полиция генерал-майоры БЕКТӨРЕ ЖЕҢІСБАЙҰЛЫ СҰЛТАН тағайындалды.
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Абай облысының төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы қызметіне МАНАРБЕК ҚАЙЫРГЕЛДІҰЛЫ ШАПАҒАТОВ тағайындалды.