"Семей - қазақстандық футболдың отаны. Біздің «Елімайды» әрине қолдаймыз. Футбол клубы - үш дүркін чемпион және бұл команданы бәрі жақсы көреді. Мен бұл стадионның жанкүйерлерді көбірек жинағанын қалаймын. Біздің жоспарымызда стадиондарды жөндеу де бар. Бұқаралық спортты дамыту үшін арнайы алаңдар құратын боламыз", - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.
"Бұл қорға кез келген жанкүйер кіре алады», - деп атап өтті Самат Смақов.
Бұл жанкүйерлер «Елімай» футбол командасын құру мен дамытуға белсене қатыса алады деген сөз.
Сонымен қатар, қатысушылар ашық микрофон режимінде Абай өңірінде футболды одан әрі дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады.