Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көше тұрғындарымен және кәсіпкерлермен кездескен еді. Өтініштер арасында – қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жолды кезең-кезеңмен ашу мүмкіндігін қарастыру болды. Нәтижесінде мердігер ұйым жолды ашты. Алайда, аталған учаскелерде автокөлік иелері машиналарды тастап, жолшылардың жұмысына кедергі жасады. Нәтижесінде, мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жолды қайтадан жабуға мәжбүр болды.
"Жол төсемі Қамбар базарынан автокөлік базарына дейін жөнделді. Бүгінгі таңда мердігерлерге түсініктеме берілді, мүмкін болса, жөнделіп жатқан жол учаскелері ашылады. Көшенің жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз", - деді Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Димитрий Гариков.