Нұрлан Ұранхаев Зенковка ауылындағы саябақ құрылысының барысымен де танысты.
Саябақ шаруа қожалықтары басшыларының, жеке кәсіпкерлердің және ауыл тұрғындарының қаражаты есебінен салынуда.
Қазіргі уақытта Белгісіз солдат ескерткішіне іргелес аумақ жоспарланды, ескерткіш қалпына келтірілді, 300-ден астам ағаш отырғызылды, аумақ қоршалды.
Одан әрі жайластыру 2023 жылға жоспарланып отыр.
Шағын футбол алаңы мен балалар алаңын салу жоспарда бар.
Облыс басшысы Зенковка ауылындағы хоккей модуліне барды. Спорттық нысан 2017 жылы пайдалануға берілді.