USD514.65EUR544.6RUB5.17

Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының «Семей Орманы» орман табиғи резерватының жұмысымен танысты

08 тамыз 2022, 18:53
Резерват 1968 жылы құрылған. Жалпы ауданы 52,767 гектарды құрайды. Жұмыстың негізгі бағыты - орманды қалпына келтіру және орман өсіру, ормандарды өрттен қорғау, аурулар мен зиянкестерден қорғау, жабайы жануарларды қорғау.
Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының «Семей Орманы» орман табиғи резерватының жұмысымен танысты

Ұжыммен кездесу барысында қызметкерлер облыс басшысынан суару жүйесін ауыстыруға көмек сұрады. Бұл қарағай көшеттерін сапалы өсіру үшін қажет.

Сонымен қатар, Абай облысының әкімі Бородулиха колледжіне барды. Білім беру мекемесі жұмысшы мамандықтары - аспаз, механизатор, дәнекерлеушіні оқытуға маманданған. Бүгінгі таңда мұнда 140 студеет білім алуда. Колледж жанында 2007 жылы пайдалануға берілген жатақхана бар. Проблемалық мәселелердің бірі - колледж бұрынғы тұрмыстық комбинаттың бейімделген үй-жайында орналасқан. Оқу корпусы мен жатақхананы жөндеуге қаражат қажет.

Нұрлан Ұранхаев Жезкент кентіндегі «Востокцветмет» ЖШС өндірістік кешенінде болды. Мұнда мыс-полиметалл кенін жабық тәсілмен өндіру жүргізіледі. Кеніш 1977 жылдан бастап жұмыс істейді. Компания құрамына 1996 жылы кірді, бұған дейін Жезкент тау-кен байыту комбинатының құрамында жұмыс істеді. Кеніште жылына 900 000 тонна кен өндіріледі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar