«Бородулиха ауданы облысымызды азық-түлікпен қамтып, ауыл шаруашылық саласының дамуына үлкен үлесін қосып отыр. Бұл әсіресе, қазіргі уақытта, әлемде қалыптасқан экономикалық қиындықтар мен қымбатшылық жағдайында аса білінуде. Сол себепті, ауданның шаруалары мен еңбекқор халқына ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын.
Бүгінгі таңда облыстың ауыл шаруашылығы саласында ауданның үлесі – 18%. Өсу қарқыны бар. Дегенмен, пайдаланбай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісін жалғастырып, нақты мақсатына жұмсау керек.
Жалпы, жолдың жайы, қайда барсаң да – өзекті. Өзім де сол жолдармен жүремін. Мәселемен жақсы таныспын. Сондықтан халықтың наразылығы орынды. Бұл мәселені біз Мәжіліс пен Министрліктер деңгейінде қарадық. Жауапты органдарға мәселені сапалы шешу тапсырылды. Бұдан басқа Интернет, ауыз-су, жұмыссыздық сұрақтары бар. Оларды да шешуіміз керек. Себебі, бұның барлығы, ең алдымен, халықтың жайы. Ол туралы, Үкімет отырысында Президентіміз нақты тапсырмалар берді», - деді өз сөзінде облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев.