«Алаш Республикасының 105 жылдығына орай биыл мемлекеттік деңгейде «Алашқа тағзым» шеруін өткізу бойынша сіздердің ұсыныс жазықсыз зардап шеккен барлық қазақстандықтарға қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге арналған маңызды іс-шара болып табылады. Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Ғылым және жоғары білім министрлігімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, атаулы күнді мерекелеу форматын талдау, пысықтау және белгіленген тәртіппен депутаттық корпусты хабардар ету тапсырылды», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, осы жылдың басынан бері «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кіші комиссиялары мен жұмыс топтарының жұмысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі» медиажоспар аясында Мемлекеттік комиссияның қызметіне ақпараттық қолдау ұйымдастырылды. Мемлекеттік комиссияның іс-шаралары, қызметі туралы материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негізде жарияланады.
«Осы жылдың басынан бері БАҚ-та барлығы 1474 материал, атап айтқанда, республикалық телеарналарда – 128 сюжет, өңірлік телеарналарда – 272 сюжет, республикалық баспа басылымдарында – 158 мақала, өңірлік баспа басылымдарында – 507 мақала, интернет-ресурстарда 409 материал жарияланды. Бұдан басқа, Мемлекеттік комиссия мүшелерінің республикалық телеарналардағы түрлі телебағдарламаларға қатысуы қамтамасыз етіледі. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің ерекшеліктері туралы деректі фильмдер топтамасын шығару мен көрсету ұйымдастырылған», - деді Әлихан Смайылов.
Фото: akorda.kz