USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысында Сенатқа үміткерлер анықталды

02 тамыз 2022, 11:27
Олардың арасында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов, Семей қалалық мәслихатының депутаты Айнұр Арғынбекова және басқалары бар. Жалпы, Сенатқа алдағы сайлауға 6 кандидат тіркелген.
Абай облысында Сенатқа үміткерлер анықталды

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталия Фесенконың айтуынша, Абай облысынан өзін-өзі ұсынған үміткерлерден барлығы 11 өтінім келіп түскен.

- Абай облысының құрылуына байланысты 24 тамызға жаңадан құрылған облыстан ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалды. Өңірден екі депутат сайланады. "Сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды ұсыну мәслихаттардың сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүргізіледі. Мәслихат депутаттары, сондай-ақ облыс аумағында тұратын азамат депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылуы мүмкін. Барлығы өзін-өзі ұсынған 11 адамнан: Айнұр Арғынбекова, Мамырбек Қарашев, Мейрамгүл Абылғазинова, Шалқар Омаров, Лаура Арынғожина, Уәлихан Майжанов, Альбина Ахметова, Ангела Маслова, Талғат Сарманов, Бақытжан Байахметов, Гүлжанат Рахатқызынан өтініштер түсті. Үміткерлер арасында ең үлкен жас-60 жас, – деп атап өтті Наталья Фесенко.

Сондай-ақ, аумақтық комитет төрағасы Конституцияға сәйкес кандидаттарға белгілі бір талаптар бар екенін айтты.

- Конституцияға сәйкес, кандидат ҚР азаматтығына ие болуы тиіс, соңғы 10 жыл ішінде ел аумағында және тиісті өңір аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұруы тиіс. Сондай-ақ, үміткердің жоғары білімі, жұмыс өтілі кемінде бес жыл және жасы кемінде 30 жыл болуы керек. Сенат депутаттығына облыс атынан үміткер Абай облыстың барлық 11 мәслихатынан сайланған 13 сайлаушыдан кем болмауы тиіс, - деп атап өтті Фесенко.

Сайлау нәтижелерін Ортсайлауком 30 тамызда жариялайды.

- 31 шілдедегі жағдай бойынша комиссия алты кандидатты тіркеді: Абылғазинова, Арғынбекова, Майжанов, Маслова, Байахметов, Сарманов. Кандидаттарды тіркеу 3 тамызда сағат 18:00-де аяқталады. Сенат депутаттарын сайлау қорытындыларын ОСК жеті күн мерзімде белгілейді, - деп қорытындылады Наталья Фесенко.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar