USD488.11EUR530.09RUB5.01

Абай облысы мен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің бірлескен жобалары талқыланды

01 тамыз 2022, 11:01
Нұрлан Ұранхаев Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) директорының Қазақстан бойынша орынбасары Бақтияр Файзеевпен кездесті.
Абай облысы мен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің бірлескен жобалары талқыланды

- «Қазіргі уақытта біз Абай облысында үш жобаны іске асырып жатырмыз. Олар жабдықтауды жаңғырту, Семей қаласындағы көшелерді жарықтандыру және Аягөздегі кәріз құбырларын тазарту құрылыстары», - деп атап өтті ЕҚДБ өкілі.

Сумен жабдықтау жобасы аяқталуға жақын. Ал Семей қаласының көшелерін жарықтандыру үшін 7 мыңға жуық жарық нүктелері жетіспейді. ЕҚДБ бағалауы бойынша, бұл үшін 2,4 млрд. теңге қаражат қажет болуы мүмкін. Оның 500 млн.-ға жуығы облыс әкімдігінің салымынан, қалған бөлігі ЕҚДБ-дан несие түрінде алынады. ЕҚДБ өкілдері атап өткендей, байқаумен сатып алу рәсімі ашық және жариялы түрде өтеді.

Нұрлан Ұранхаев көшелерді жарықтандыру деңгейі тек орталық көшелерде ғана емес, бүкіл қала бойынша барынша жарық болуы тиіс екенін атап өтті.

Семейде ЕҚДБ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан екінші жоба - өткен жылы кредиттік келісімге қол қойылған полигонының құрылысы.

- «Полигонды жаңа жерде орналастыру көзделуде. Өйткені ескі полигон «Экологиялық кодекс» нормаларына сай келмейді. Сондай-ақ қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша арнайы жоба қолға алынуы керек. Жалпы бұл кешен полигонды одан әрі кеңейту және ҚТҚ-ны терең өңдеу технологияларын енгізу мүмкіндігімен 30-40 жыл ішінде қаланың барлық тұрмыстық қалдықтарын кәдеге жаратуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Бақтияр Файзеев.

Үшінші бағыт – кәріз-тазарту құрылыстарын салу. Қазіргі уақытта Қазақстанда бүкіл ел бойынша 27 КТҚ жаңғырту бағдарламасы қабылданды. Аягөз ауданында құны 6 млн. еуро болатын жоба басым бағыттардың бірі. Ол тарифтерді субсидиялау қағидалары шеңберінде республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын болады.

Сонымен қатар, ЕҚДБ Абай облысының өкілдеріне 500 төсек-орынға арналған госпиталь құрылысын таныстырды.

- «Бірлескен жұмыстардан бөлек, облысымызда басқа да мәселелер бар. Олар Ертіс пен Алакөлдің жағалауын нығайту, Шүлбі ГЭС контрр-реттеуішінің құрылысы және Семейдің сол жағалауындағы жаңа медициналық жедел жәрдем станциясын салу. Біз сіздермен ынтымақтасуға әзірміз. Нақты халыққа пайла әкелетін жобаларды талқылауға дайынбыз», - деп атап өтті Абай облысының әкімі.

Айта кетейік, бұл жоба экологиялық тұрақты қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ЕҚДБ-ның «Жасыл қалалар» бағдарламасы шеңберіндегі Қазақстандағы алғашқы жоба болады. Алдағы күзде Венада 40 елден осы бағдарламаға қатысушы 56 қаланың форумы өтеді. Семей қаласы тәжірибе алмасу үшін форум жұмысына қатысуға ресми шақырту алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar