USD474.83EUR515.38RUB5.5

«Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық бағдарламалары

01 тамыз 2022, 10:56
Абай облысында "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорының қандай қайырымдылық бағдарламалары жұмыс істейтіні талқыланды.
«Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық бағдарламалары

Қыркүйек айында «Қазақстан халқына» қоры қызметінің мақсатты бағытын айқындау үшін ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Онда жаңа тұжырымдама мен қайырымдылық бағдарламалары қабылданады.

Абай облысының атқарушы билік органдарының, бизнес және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қайырымдылық көмектің қандай бағдарламалары өңір үшін ерекше маңызды екені туралы ұсыныстарын айтып, түйткілді тарқатудың инновациялық әдістерін талқылады, болашаққа міндеттер қойды.

Айта кетейік, жақында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына қайырымдылық көмекке түскен қаражат қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге арналған. Мысалы, Қор бағдарламаларының бірі түрлі себеппен ЖОО-да оқуды аяқтай алмаған студенттерді қолдауға да бағытталған.

- Қордың қаражатынан 75 отандық ЖОО-ға ауылдық жерлерден, аз қамтылған отбасыдан шыққан немесе дамуында ерекшелігі бар талапкерлер мен студенттер үшін 3 қайырымдылық гранты бөлініп, стипендия беріледі, - дейді «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

- Біздің өңір мемлекет басшысының әлеуметтік қайырымдылық қорын құру жөніндегі бастамасын белсенді қолдады. Облыстың көптеген кәсіпорны үндеуге бірден үн қосты. Мысалы, «Қаражыра» АҚ ғана «Қазақстан халқына» 400 млн теңгеден астам қаражат аударды. Өз кезегінде біз атқарушы билік органдары ретінде де осы бағытта белгілі бір жұмыс жүргіземіз, - дейді Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar