USD474.83EUR515.38RUB5.5

«Тұғыры биік Тарбағатай» өнер және спорт фестивалі өтті

01 тамыз 2022, 10:46
Абай облысы Ақсуат ауданында жыл сайын дәстүрге айналған «ТҰҒЫРЫ БИІК ТАРБАҒАТАЙ» өнер және спорт фестивалі өтті. Шараның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысты.
«Тұғыры биік Тарбағатай» өнер және спорт фестивалі өтті

 

- Дана халқымызда «Туған жерге туыңды тік» деген ұлағатты сөз бар. Атадан балаға мирас болған, төл өнердің дамуына ат салысқан азаматтар мен ұйымдастырушыларға өзімнің және барша жерлестерімнің атынан зор алғысымызды білдіре отырып, барша спортшылар мен өнерпаздарға сәттілік, көрермен қауымға - ұмытылмас мерекелік көңіл-күй тілеймін,- деді Нұрлан Ұранхаев.

Фестиваль Ақсуат ауылында медресенің ашылу салтанатымен басталды. Жас балалар арасында "құран жаттау" жарысы өтті.

Сондай-ақ, Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Орталық стадионда қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при бәсекесі өтті.

Халықаралық шараға 19 мемлекеттен спортшылар қатысуда.

Орта жүзге белгілі халық емшісі, әулие, көріпкел Ырғызбай Досқанаұлы 1787 жылы Күмісті бастауында Найман ішіндегі мәмбетқұл руынан шыққан. Ырғызбай жасынан шипалы шөптерді пайдалана отырып, талайдың дертін жазып емдеген. Ол аурулардың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ қолмен сылап-сипау арқылы да ем-дом жасаған және көріпкелдік қасиеті де үлкен болған. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжаған, сырқаттарды ақысыз-пұлсыз емдеп, ауқаттылардың берген дүниесін, пұлын жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестірген.

Тарихта белгілі ұлы тұлғаның құрметіне арналып Тарбағатай ауданында аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ас беріліп, Қазақстан, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Чехия, Дания, Түркия, Иран, Латвия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Литва, Эстония, Тәжікстан және Түркіменстан мемлекеттерінен балуандар қатысты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar