USD483.23EUR534.74RUB5.12

Бесқарағайда ақынға арнап ескерткіш орнатылды

01 тамыз 2022, 10:15
Абай облысының Бесқарағай ауылында қазақтың ақыны, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрлыбек Баймұратұлына арналған ескерткіштің салтанатты түрде ашылуы өтті. Ескерткішті орнатуға Қарабас ауылының тумасы Балтабек Наурызбаев демеуші болды.
Бесқарағайда ақынға арнап ескерткіш орнатылды

Ақын-импровизатор Баймұратов Нұрлыбек  халық акындарының ішіндегі өзіндік орны, өлең өрнегі, суреттеу мәнері бар өр дауысты суырыпсалма төкпелігімен аты бүкіл Қазақстанға танымал болған аса дарынды ірі тұлға. Жасынан жалшылықта жүрген кедей Баймұрат егін кәсібімен айналасып, күн көрісті ойлаған. Ескіше де, жаңаша да сауатын ашқан Н.Баймұратовтың өлеңдері 1924 жылдан бастап жарияланып тұрды.

Абай, Әріп, Әсет шығармаларынан тәлім алды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, насихаттаумен шұғылданды. Иса (1922), Нартай (1939), Маясар (1943), Төлсу (1944), т.б. ақындармен айтысты. ¥лы Отан соғысының қаһарманы Төлеген Тоқтаровқа арналған «Ер Төлеген» (1945), азамат соғысын суреттеген «Қанды жорық» (1962) дастандары жеке кітап болып басылды. шығармаларының жинағы 1957 жылы жарық көрді.

Ақынға 1939 жылы Қаз ССР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді. СССР Жазушылар Одағы мүшелігіне қабылданды. Қазақ ССР-ң Жоғары Кеңесі Құрмет грамотасымен марапаттаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar