Әуе айлағы 1982 жылы пайдалануға берілді. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушы, оның ішінде ішкі желілерде 80% және халықаралық желілерде 20%. Ғимараттың жалпы ауданы - 3500 м2. 3100x45 өлшемді бетон жамылғысының ұшу-қону жолағы.
2015-2018 жылдары "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұшу-қону жолағын, рульдеу жолын реконструкциялау, сондай-ақ, авариялық-құтқару станциясының, орталық тарату пунктінің, қазандықтың, су айдау станциясының құрылысы және аэровокзалды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Қайта құру құны сол кезде 10,715 млрд теңгені құрады.
Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан – Семей – Нұр-сұлтан; Алматы – Семей – Алматы; Шымкент – Семей – Шымкент бағыттары бойынша тұрақты авиарейстер қатынайды.