USD491.7EUR531.28RUB5.07

Нұрлан Уранхаев Өскемен көшесіндегі жол жұмыстарының барысымен танысты

29 шілде 2022, 10:10
Бұл аймақта автомобиль кептелістері үнемі пайда болады. Көлік құралдарының қатынасының қабілетін арттыру үшін Өскемен көшесі Чайжунусов көшесінен 6 Линия көшесіне дейін кеңейтілуде.
Нұрлан Уранхаев Өскемен көшесіндегі жол жұмыстарының барысымен танысты

"Мұнда тұрақты кептелістер болады, жолды кеңейту қажет. Егер қандай да бір көмек қажет болса, хабарласыңыз, қолдау көрсетеміз. Біз жолды аяқтауымыз керек. Бұл жол бойындағы бизнес үшін де маңызды. Саяжайларда адамдар көп. Бұл өте маңызды мәселе", - деді облыс басшысы.

Күрделі жөндеу осы жылдың мамыр айында басталды. Жолдың ұзындығы 1,5 км. жоба сомасы 1 122,6 млн. теңгені құрайды. Барлық жұмыстарды осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Өскемен көшесінің жобалық еніне сәйкес жер төсемін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, жөндеуге бәрі бірдей риза емес.

Кейбір кәсіпкерлер жолдың жөнделуіне байланысты олардың бизнестері тұрып қалды деп шағымданды.

"Бізді толығымен жауып тастады. Біз қалай жұмыс істейміз? Бұл бірнеше айға созылады. Екі айға жуық жұмыссыз қалай отыруымыз керек?",- деді облыс әкіміне жергілікті кәсіпкерлер.

Нұрлан Уранхаев өз кезегінде бұл жұмысты аяқтау қажет екенін атап өтті. Облыс басшысы мердігер ұйымға жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау үшін жұмыс уақытын арттыруды тапсырды. Ол үшін күндізгі уақытты барынша пайдалану керек.

Облыс әкімі облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысына мердігер ұйым өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесіп, жолды кезең-кезеңмен ашу мүмкіндігін талқылауды тапсырды.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында Өскемен көшесіндегі электрмен қоректендіру тіректері ауыстырылды, сондай-ақ Восточный кентінің Батпақты бөлігі арқылы Көшкінбаев көшесіндегі Аюченко көшесіне шығатын айналма жол салынды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar