USD483.23EUR534.74RUB5.12

Даму стратегиясын әзірлеуге әдістемелік қолдау көрсетеді

27 шілде 2022, 12:42
Экономикалық зерттеулер институты Абай облысының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу кезінде әдістемелік қолдау көрсетеді.
Даму стратегиясын әзірлеуге әдістемелік қолдау көрсетеді

Бұл туралы Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтің "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқармасының төрағасы Руслан Сұлтановпен кездесуінен кейін белгілі болды.

Сонымен қатар, Айдын Кәрімов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқармасының төрайымы Гаухар Бөрібаевамен кездесті.

Кездесу барысында облыста кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығы атап өтілді, аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде жобаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Жалпы, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Абай облысында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 88 жоба субсидияланды.

Жыл соңына дейін "Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде 350 - ден астам жобаны және "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде 60-тан астам жобаны қолдау жоспарда бар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar