USD474.83EUR515.38RUB5.5

Айдын Кәрімов жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға барды

27 шілде 2022, 12:31
Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында Үржар және Ақсуат аудандарына жанар-жағармайды үздіксіз жеткізу мәселелері талқыланды.
Айдын Кәрімов жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға барды

ҚР Энергетика министрлігінің ұсынысы бойынша, кейіннен мұнай өнімдерінің қажетті көлемін сатып алу бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін Абай облысындағы жеке ЖМҚС-тарды биржада тіркеу бойынша бірлескен жұмыс басталды.

Бұл ЖЖМ тікелей ресурс ұстаушылардан делдалдарсыз сатып алуға мүмкіндік береді. Нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу мақсатында облыстың ЖМҚС-ын Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерін есепке алу жүйесіне қосу жұмыстары басталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Үржар ауданында жекеменшік жанар-жағар май құю станцияларында жеткізушімен болған мәселелерге байланысты жанар-жағар май тапшылығы туындады.

Осыған байланысты оларды жедел түрде жабдықтау бойынша шаралар әзірленді. "Petro Retail" ЖШС ("Qazaq Oil" ЖМҚС желісі) Қабанбай ауылы маңындағы екі жанармай құю бекетіне 60 тонна бензин берді, сондай-ақ өз ресурстарынан 625 тонна бензин құюға Ақсуат ауданының тағы төрт ЖМҚС-на жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar