USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қала әкімінің жеке қабылдауында

26 шілде 2022, 12:21
«AMANAT» партиясының Семей қалалық филиалында қала әкімі, партияның төрағасы Бақытжан Байахметов азаматтарды жеке қабылдады.
Қала әкімінің жеке қабылдауында

Семей тұрғыны Қазбек Бердікенов 2019 жылдан бастап «Уба» шипажайына жолдама ала алмай жүр. Осы мәселе бойынша көмек сұрауға келді.

Гүлжан Төреханова - төрт баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Тұрғын үй туралы сұрақпен жүгінді. Олардың үйінде ылғал пайда болған, мәселені анықтау үшін арнайы комиссия жіберуді сұрады.

Семей қаласының тұрғындары - Қуаныш Изатов пен Назира Амангелдина алты баланы тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар. Қазіргі таңда жетінші баласын күтуде. Үйлеріне электр қуатын жеткізуді сұрады, сымдар мен тіректер бар екенін айтты.

Қала тұрғыны Әсемғали Демеубай қазіргі уақытта меншігіндегі жер учаскесін заңдастыруды сұрады. Оның айтуынша, оған тиесілі учаскенің бағаналарын алып тастап, жер телімін тартып алмақшы болып жатқандар өз қазықтарын орнатпақ. 14.12.2015 жылы №02-690 жер учаскесін таңдау актісі, 2016 жылғы 12 ақпандағы хаттамалық шешім (3 жыл мерзімге), жер учаскесі шекарасының жобасын 09.09.2020 жылы №557 тоқтата тұру туралы хабарлама (ахуалдық жоспар) бар.

Дархан Жұмаділов - жеке кәсіпкер. Оның өзіне тиесілі шаруашылығы бар. Жер (жайылым) мәселесі бойынша өтініш білдірді.

Динара Өртбаева мен Салтанат Толыбаева 3-4 айдан бері үйлерінде су болмағандықтан ұңғыма бұрғылауға көмектесуді өтінді.

Марина Удовенко мен Рысбике Байшенова Әуезов даңғылы бойынша алты үйге орталықтандырылған жылу беруді сұрады.

Шығыс кентінің тұрғындары Елена Филатова, Алексей Веретельников және Сергей Лукин үйлерін су басып жатқан жер асты сулары туралы мәселені қозғады. Олардың айтуынша, арықтарды тазалау керек, арықтардың тереңдігін 50-80 см қазу керек, қазіргі уақытта тереңдік 20 см құрайды. Арыққа қоқыс тастайтындарға айыппұл салуды сұрады.

Келесі тұрғындар көлік мәселесін қозғады. №2 маршрутындағы автобус тек «Қамбар» дүкеніне дейін барады, ары қарай жүрмейді. Бұрын аталмыш ауданда 19, 53,14 бағыттары болған.

Арман Мамырбек «Алакөл» көліне жолдама алуға көмектесуді сұрады.

Бақытжан Байахметов тиісті бөлімдерге тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелерді бақылауға алып, оларды шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar