USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

25 шілде 2022, 14:13
Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов әкімнің орынбасары болып тағайындалды.
Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы 1981 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеді.

Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының әкімі болған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar