USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысының әкімі Аягөз ауданына барды

22 шілде 2022, 16:18
Нұрлан Уранхаев Абай облысының ең ірі - Аягөз ауданына барды.
Абай облысының әкімі Аягөз ауданына барды

Нұрлан Ұранхаев Абай облысындағы аумағы жағынан ең ірі, бүгінде 70,9 мың адам тұратын Аягөз ауданына жұмыс сапарымен келді. Облыс басшысының жұмыс сапары Аягөз ауданының тарихи, табиғи және мәдени дамуын сипаттайтын Өлкетану музейінен басталды.

Музей: «Аягөз – ұлылар мекені», «Жеңіске құрмет», «Этнография» және «Табиғат» атты төрт экспозициялық бөлімнен тұрады. Сондай-ақ Нұрлан Ұранхаев Аягөз қаласындағы Абай атындағы саябақты аралады. Сонымен қатар Аягөз қаласының № 9 бастауыш мектебінің жұмысымен танысты. Аталмыш оқу орнының ірге тасы 1930 жылы қаланған болатын.

2017 жылы тарихи ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқу уақытында мектепте бір ауысымда 350 оқушы білім алады. Мұнда 1-4 сынып оқушыларына арналған 14 оқу кабинеті, 2 мектепке дейінгі білім беру кабинеті, 2 компьютерлік сынып және өзін-өзі тану кабинеті бар.

Абай облысының әкімі Аягөз қаласындағы бокс залына барды. Спорт нысаны 2011 жылы ҚР тұңғыш Сыртқы істер министрі, Аягөз қаласының тумасы Төлеутай Сүлейменовтың жеке қаражаты есебінен салынған. Бокс залының әр ауысымында 60 оқушы жаттыға алады. Ғимарат орталықтандырылған жылыту және су жүйесіне қосылған. Жыл сайын бокс залында жасөспірімдер арасында бокстан арнайы республикалық турнирлер өткізіліп отырады.

Сондай-ақ, Абай облысының басшысы жақында іске қосылған басқа да әлеуметтік нысандармен танысты. Өткен жылы демеушілердің қаражатымен студенттер жатақханасы салынды.

Әкімнің айтуынша zoom-платформасы арқылы апта сайын тұрғындармен жеке қабылдаулар өтетін болады.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті. Бүгін 30-дан астам сұрақ қойылды. Олардың арасында - су, жарық, тұрғын үй мәселелері бойынша.

Сонымен қатар,  Аягөз ауданында Нұрлан Ұранхаев жеке қабылдау өткізді.

Негізгі экономикалық көрсеткіштер мен міндеттер:

Ақтоғайда екінші байыту фабрикасының қосылуымен мыстың өндірісі 25-тен, екі есе өсіп, 50 млн тоннаға ұлғайды. Бұл – Қазақстан бойынша ең ірі жобалардың бірі.

2026 жылға қарай, Айдарлыда 2200 жұмыс орны бар кен-байыту комбинатын салу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласында ауданның үлесі – 15,5%. Бұл көрсеткішті де ұлғайтатын мүмкіндік бар.

Келешекте, облыстың транзиттік әлеуетін арттыру үшін «Бақты-Аягөз» теміржол учаскесін және «Қарамай-Тачэн-Аягөз» теміржолын салу жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar