USD481.68EUR522.48RUB5

Қала әкімі Юность кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді

22 шілде 2022, 15:04
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Юность кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Қала әкімі Юность кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Ең алдымен, тұрғындар аталмыш аумақта спорт алаңының жоқтығы туралы мәселені көтерді. Олардың айтуынша, спортпен шұғылданғысы келетіндер көп, егер олардың үйлерінің жанында бұл үшін тиісті орын болса жақсы болар еді.

Сонымен қатар, тұрғындар қоқыстың уақытылы шығарылмауына және балалар ойын алаңының жоқтығына шағымданды.

«Бізде балалар алаңына қаражат бөлінді, бірақ қазір мен мұнда кең алаңды, жеткілікті орынды көріп отырмын. Мұнда үшеуі біреуінде алаңды орнатуға болады. Ендігі кезекте стрит-воркаут пен футбол алаңын орнату үшін бюджетке түзетулер енгізіп, қаражат бөлу қажет. Мен бұл жұмысты қолға аламын. Қоқыс шығару үшін қоқыс шығаратын компаниялармен әрбір пәтердегі тұрғындардың нақты санын көрсете отырып, шарт жасасу қажет», – деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Осы ауданда тұратын семейліктер аулаішілік жолдардың жағдайына да шағымданды.

Қала басшысының айтуынша, бұл аудандағы жолдарды жөндеу келесі жылға жоспарланған.

Юность кентінің өкілдері қатты жаңбырдан кейін жертөлелері суға толып кететіндігін айтты.

«Мен мамандармен сөйлесемін, не істеуге болатынын ойластырамыз. Сол жерде жағдайды талдап, шешім нұсқаларын әзірлеу қажет», - деп жауап берді қала әкімі.

Сондай-ақ, тұрғындар мұнда жарық беруді және жергілікті емханаға кіретін жолдарды жөндеуді сұрады.

«Магистральдық, кварталішілік және үйішілік желілерді тексеру қажет. Дүйсенбіде аталмыш мәселені мамандар қарастыратын болады. Келесі жылы жарықтандыру болады. Жолды міндетті түрде жасаймыз», - деп қорытындылады Семей қаласының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar