Семейліктер осы аталмыш ауданның мәселелерімен бөлісті, ең өзектісі – жылу беру. Қала әкімінің айтуынша, бұл мәселе оған белгілі және жылу желілерін салу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта жылыту жергілікті жаңа мектепке жүргізілуде.
«Қазандықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3,5 миллиард теңге бөлінеді. Жылумен жабдықтау мәселелерін шешуге қазандықтардың қайта құруын ескере отырып, осы жылы Семей қаласына республикалық бюджет қаражаты есебінен 2 миллиард теңге бөлінді. Екі қазандықты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл «Орталық» және «Ғаббасов» қазандықтары. Онда қазандықтарды қайта құру ғана емес, сонымен қатар ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Бізде екі мүмкіндік бар. Біріншісі - жобаны аяқтау. Екіншісі - сіздер сұраған ішкі желілер арқылы жөндеу жүргізу. Өкінішке орай, желілер тұрғындардың меншігінде. Сондықтан да, мемлекет оған ақша бөле алмайды. Егер заңда қандай да бір өзгерістер болса, мәселе жоқ, жобаны іске асырамыз», - деді Бақытжан Байахметов.
Жиналған ата-аналар салынып жатқан мектепке қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Семей қаласының әкімі мектептің жылусыз қалмайтынын және 1 қыркүйекте балалар мектепке баратындықтарын айтты.
Балабақша құрылысына келетін болсақ, бұл мәселе мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде шешілетін болады.
Сондай-ақ, Степной кентінің тұрғындары жарықтандыру және жол мәселелерін көтерді.
Қала әкімінің айтуынша, жекелеген көшелер мен жолдар бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде және бақылауда. Қаржыландырудың бекітілуіне қарай осы көшелердің тізімі кеңейтілетін болады.