Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін (19 шілде) 10 жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен өтініштерді жеке беруге немесе Абай облысы мәслихатының электрондық поштасына жіберуге тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін облыс аумағында тұратын және жұмыс істейтін азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар шақырылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
3. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Өтініштер мен ұсыныстар 2022 жылғы 19 шілде мен 1 тамыз аралығында қабылданады.
Ұсыныстар мен өтініштерді жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Каюм Мұхамедханов көшесі, 8 (әкімдік), № № 202, 205 кабинеттерге жеткізуге болады. Сондай-ақ, барлық құжаттарды электрондық пошта арқылы жіберуге болады: abai.oblmaslihat@yandex.kz.
Анықтама телефоны: 52-04-13
"Қоғамдық кеңестер туралы" ҚР Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.