"Жастар Семей" қорының өкілдері бұл аумақты абаттандыруға және қоқыс жинауға көмектесуді сұрады. Өңір басшысы белсенділерге Семей қаласының дамуына бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтты.
«Қалаға барлық инфрақұрылымы бар қауіпсіз жағажайлар қажет екендігі туралы бұған дейін айтқан болатынмын. Сондықтан идеяны жүзеге асырудың жолдарын қарастырамыз», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.