USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

19 шілде 2022, 10:14
Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті.
Семейде мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Депутаттар "Семей қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы "Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №20/129-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы", "Семей қаласы әкімінің 2022 жылы халықпен кездесуінің икемді кестесін келісу туралы", "Семей қаласының қоғамдық кеңесі туралы"мәселелерді қарады.

Депутаттар қала бюджетінің көлемін өз кірістері есебінен 590 626,6 мың теңгеге ұлғайтуды қолдады.

Бюджеттің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша үнемдеуді ескере отырып, 248 148,8 мың теңге сомасында:

- Усть-Каменогорская көшесін күрделі жөндеу - 565 250,3 мың теңге;

- Жарқын ауылындағы кірме жолды орташа жөндеу - 209 338,8 мың теңге;

- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ағымдағы шығындары - сот шешімін орындау) - 37 686,3 мың теңге;;

- ұйымдастырылмаған үйінділерді зираттардан шығару - 12 000 мың теңге;

- коммуналдық меншікке берілген электр беру желілерін ұстау (Восточный Правый кенті) – 10 000 мың теңге;

- Қайнар ауылындағы ұйымдастырылмаған үйінділерді шығару - 4 500 мың теңге.

Сондай-ақ, "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасын және Семей қаласының қоғамдық кеңесі отырысының 2022 жылғы 12 шілдедегі № 5 хаттамасын басшылыққа ала отырып, мәслихат депутаттары Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы  "Семей қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы" шешімінің күшін жойды.

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы қолданыстағы заңнама шеңберінде қалыптастырылатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar