Адвокат Айман Умаровамен кездесуде өңір тұрғындары "халық заңгеріне" өз алғыстарын білдіріп, аталған жобаның қажеттілігі туралы айтты. Консультациялар онлайн режимінде де, офлайн форматта да өткізілді. Барлық сұрақтарға тиісті жауаптар мен ұсыныстар берілді.
Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштін қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.
Осыған байланысты, "Еріктілер жылы" аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "Adal kómek" жобасы іске қосылды, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Волонтер ретінде Агенттік қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары халыққа өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты негізде тегін кеңес береді.
Іс-шарада адвокат сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен елімізде заңгер Айман Умарованың құқықтық онлайн-мектебі жұмыс істейтінін, онда қазақстандықтар үздік заңгерлердің тегін онлайн-консультацияларын ала алатынын айтты (сайт www.womenrights.kz ).