Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасы басшысының айтуынша, аталмыш аурухана 9 шілдеге дейін көпсалалы емхана ретінде жұмыс істеген. 9 шілдеден кейін стационар коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарға көмек көрсеткен.
9 шілдеге дейін көпсалалы стационар ретінде жұмыс істеп, тиісті еңбекақымызды алдық. Кейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына 270 провизорлық пен 30 инфекциялық төсекпен қамтамасыз етілді. 9 шілдеден бастап дәрігерлер коронавирус инфекциясымен күресуге кірісті. Олар негізгі еңбекақысына сәйкес қосымша ақы алады. Комиссияның шешімімен тиісті құжаттар қаралады. Барлық медициналық қызметкерлер Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, 10 тамызда қосымша сыйақы алады, - деді Ілияс Мұхамеджан.
Басқармасының басшысының сөзіне сүйенсек, дәрігерлерге негізгі еңбекақысы және осы күнге дейін жұмыс істегендеріне байланысты қаражат төленеді. Қосымша ақы қызметкерлердің провизорлық және инфекциялық стационарларда жұмыс істеген сағаттарына төленеді. Егер дәрігер провизорлық стационарда белгіленген сағат бойынша еңбек етсе, оған қосымша 425 мың теңге беріледі. Провизорлық бөлімшеде жұмыс істегендерге 850 мың теңге төленеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбіловтің айтуынша, бүгін облыстағы барлық медициналық ұйымдардың төлем туралы өтініштері жинақталды.
Біз әрбір медицина қызметкерінің провизорлық және инфекциялық стационарларда қанша сағат бойы жұмыс істегендері туралы тізімді алдық. Қазір тиісті құжаттар өңірлік комиссияның қарауына берілді. Ертең комиссия мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтеді. Қор хаттама толтырған соң категория бойынша қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге кірісеміз. Бұл келіп түскен өтініштерге байланысты қарастырылып, коронавируспен күрескендері үшін төленеді, - деді Ғалымжан Әбілов.